2023 жылдың 23-27 қазаны аралығында Тверь мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы ұйымдастырған 6В07104 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» БББ бойынша Бүкілресейлік студенттік олимпиаданың II туры (халықаралық қатысумен) Тверь қаласында өткізіліп жатыр. Конкурстық міндеттер мен шығармашылық практикалық жаттығулар әртүрлі пәндердің теориялық және практикалық курстарына негізделген. Олимпиада аясында «Инновациялық технологиялар: тәжірибе, проблемалар, даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі және қазылар алқасының төрағасы ретінде көлік және технология кафедрасының аға оқытушысы Нургалиев Ленур Максутович тағайындалды.

Олимпиадаға Ресей мен Қазақстанның 15 жоғары оқу орнынан 32 команда қатысады. БҚИТУ білім алушыларынан сәттілік тілейміз және жеңістер күтеміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz