6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ҚРЗ «Білім туралы» Заңының (20.04.2023 ж. бойынша өзгертулер мен толықтырулармен), «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының салалық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттарының, сондай-ақ қолданыстағы ҚР нормативтік құжаттары негізінде әзірленді. Білім беру бағдарламасын құрудың мазмұны мен логикасы ҚР ғылым және жоғары білім Министрлігінің нормативтік талаптарына, жұмыс берушілердің талаптарына және университеттің ішкі ережелеріне байланысты. Білім беру бағдарламасын құра отырып, Салалық технологиялар институты мен құқық кафедрасы оқытудың қолданылатын технологияларын жоспарлаудың, әдістемелік қамтамасыз етудің заманауи ғылыми және іс жүзінде негізделген тәсілдерін қолданды. Мұндай тәсілдердің нәтижесі нормативтік және оқу құжаттарының академиялық тұтастығы болып табылады, ол жоғары деңгейде осы білім беру бағдарламасын іске асыру тетігін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасы білім алушылардың келесі екі маманданудың бірі бойынша өз дайындық бағытын таңдауын көздейді: «Автомобиль көлігін тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды құқықтық реттеу» немесе «Теміржол көлігін тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды құқықтық реттеу». ББ қайта қарау барысында оған мынадай толықтырулар мен

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша «Әкімшілік рәсімдік-процестік құқық», «Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және технологиясы тасымалының технологиясы және ұйымдастырылуы», «Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және технологиясы тасымалының технологиясы және ұйымдастырылуы»сияқты бірқатар жаңа пәндер енгізілді;

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының кәсіби стандарттарының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында бірқатар базалық және бейіндік пәндердің мазмұны қайта қаралып,  «Монополияға қарсы және бәсекелестік құқық», «Қаржылық сауаттылық» және «Халықаралық экономика» сияқты жаңа пәндер енгізілді.

Білім беру бағдарламасын әзірлеу, ұдайы мерзімдік қайта қарау және іске асыру кезінде жұмыс берушілермен ынтымақтастық жүйелі сипатта болады: білім беру бағдарламасының мазмұнын өңірдің жұмыс берушілерімен талқылау және келісу практикасы қалыптасты; жұмыс берушілерді оқу процесіне және практикаларды басқаруға тарту, оқытушылардың әдістемелік әзірлемелерін рецензиялау; жұмыс берушілерді мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамына қосу, жұмыс берушілердің мамандарды даярлау сапасына қанағаттануына сауалнама жүргізу және бағалау.

Білім беру бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі білім алушылар Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының, сондай-ақ жалпы республиканың батыс өңірінің экономиканың түрлі салаларының жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарының қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде өтетін, практика базалары болып табылатын оқу және өндірістік практикалар.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz