06.10.2023 жылы сағат 10:00-де 406 аудиторияда 6В11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының білім алушыларына т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Турлыбаев Хайрат Тендибаевич «Жол қозғалысын ұйымдастыру» пәні бойынша «Маневр жасау. Реттеуші сигналдары» тақырыбында ашық сабағы өтті.

Сабақтың басында білім алушылар автокөлікті басқару органдарымен жұмыс істеудің дұрыс дағдыларын дамытады. Жаттығулар қажетті автоматизм пайда болғанға дейін белгіленген уақытпен орындалады. Оқытудың барлық кезеңдерінде тренажер жаттығулардың сапасын бағалайды, оқушылардың қателіктерін жазады. Хайрат Тендибаевич жіберілген қателіктерді талдауға, білім алушыларды жолдағы нақты жағдайларға дайындауға көмектеседі және олармен виртуалды автодром алаңында жаттығу элементтерін пысықтайды.

Бұл қалалық қозғалыс жағдайында негізгі жүргізу дағдыларын игеруге және емтихан тапсыруға дайындалуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама. Тренажер-симуляторда аудандары бар арнайы құрылған виртуалды қала бар, олардың әрқайсысы виртуалды шындыққа мүмкіндігінше жақын жол жағдайында жүргізуші дағдыларын дамыту үшін тамаша ортаны қамтамасыз етеді.

Практикалық сабақ заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz