БҚИТУ студенттері 6-8 қазан аралығында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 60 жылдығына арналған ҚР ЖОО-ның ерлер командалары арасындағы волейболдан ашық турнирде жеңімпаз атанды. ЖОО арасындағы республикалық біріншілікке барлығы 7 команда қатысты. Олар – «С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» (Атырау қаласы), С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы қаласы), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Ақтөбе қаласы), ҚАЗиИТУ, М. Өтемісов атындағы БҚУ, БҚИТУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командалары. Екі күнге созылған тартысты бәсекеде біздің спортшылар үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Жас спортшыларды дайындап, жеңіске жетелеген университет оқытушылары О.Қ. Болатов пен Қ.Ө. Жұмарстановқа ректорат атынан алғыс айтамыз.
