2023 жылдың 19-қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетінде БҚО Полиция басқармасының Кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сағын Қадыржан Ерсайынұлы құқық қорғау қызметі, дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында кеш қонағы полиция қызметіне қабылданудың талаптары мен іс-қимыл алгоритмдері, ішкі істер органдарында қызмет атқарудың артықшылықтары туралы толық баяндап өтті, полиция қызметіндегі тергеушілер қызметінің қыр-сырын жан-жақты түсіндіріп, қызмет барысында болатын қиыншылықтар мен оларды шешудің жолдарын да ашып көрсетті. Полиция полковнигі студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап берді.
Тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіптік бағдар беру кездесулері көбінесе ЖОО түлектерінің өз мансаптық жолын табысты бастауына зор септігін тигізеді.
