15.09.2023 ж. Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде әкім Н.Т. Төреғалиевтің қатысуымен ҚР Парламенті Сенаторларымен кездесу өтті.
Кеңес отырысына аграрлық Комитет төрағасы А.Бектаев бастаған сенаторлар, ҚР Экология және табиғатты пайдалану вице-министрлері, БҚО фермерлері, облыстық басқармалардың, аумақтық инспекциялардың бастықтары, ҒӨБ өкілдері, ғалымдар қатысты. БҚИТУ – дан іс-шараға ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, ветеринария және Биотехнология ғылыми-өндірістік орталығының директоры, в.ғ.д. Абсатиров Гайса Гарапович қатысты.
Кеңесте негізгі талқыланған мәселе Батыс Қазақстан облысындағы ақбөкендердің санын реттеу және шешім қабылдау болды.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бірнеше жылдан бері жайылымдар мен шабындықтарды жоятын, егінге залал келтіретін ақбөкендердің шамадан тыс өсуінен зардап шегіп келеді.
Талқылау барысында ақбөкендер санының көбеюіне және отандық ғалымдардың биопрепараттар дайындау үшін дериваттарды пайдалануда зерттеулер жүргізу мүмкіндігінің болуына байланысты ветеринариялық тәуекелдерді есепке алу қажеттілігі туралы ақпаратпен бөлісті.
Отырыс қорытындысы бойынша сенаторлар фермерлерді ҚР Үкіметіне келтірілген залал мен реттеу қажеттілігі үшін фермерлерге өтемақы төлеу жөнінде ұсыныстар беретініне сендірді.

