Қадырғалиев Нұрболат Меңдіғалиұлын шахмат турнирлеріндегі жарқын және лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздердің жеңістеріңіз күш-жігердің, адалдықтың, терең берілгендіктің нәтижесі және сіздің бірегей талантыңыздың, ойынды терең түсінуіңіздің және тамаша интеллектуалдық әлеуетіңіздің айқын дәлелі болды.

29 шілдеде АҚШ, Ресей, Үндістан және Беларусь спортшылары қатысқан «Uralsk Open 2023» шахматтан Қазақстан кубогының төртінші кезеңі – «В» санатындағы Қазақстан кубогының IV кезеңінің қорытындысы бойынша Нұрболат Меңдіғалиұлы үздік өнер көрсетті, ардагерлер арасында нәтиже көрсетіп, сертификат пен ақшалай сыйлықпен марапатталды.

4 тамыз күні шахматтан ардагерлер арасындағы ІІІ облыстық спартакиадада Нұрболат Меңдіғалиұлы 1 орынды иеленіп, абсолютті 100% нәтиже (7:7) көрсетті. Байқауға Батыс Қазақстан облысынан 12 аудан қатысты.

15 тамыз күні Орал қаласының әкімі М.М.Сатқанов Нұрболат Меңдіғалиұлына қоғам мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін құттықтау хат табыс етті.

Сізге зор денсаулық, алдағы уақытта табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz