Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру және университеттің халықаралық академиялық және әріптестігін кеңейту мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті студенттеріне дәріс беру үшін шетел ғалымдары мен зерттеушілерін ұдайы шақыртып отырады.
Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 31 наурыз – 09 сәуір аралығында Белгород ұлттық ғылыми зерттеу университетінің профессоры., п.ғ.д. Ф.И.Собянин «6В01401 Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курсының білім алушыларына «Таңдап алынған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша дәріс оқып, практикалық сабақ жүргізді.
Студенттер мен оқытушылар әріптесіміздің зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын танытып, пікір алмасып өз ойларын білдірді.
