2023 жылдың 30 наурызында көлік және технологиялар кафедрасының меңгерушісі, Ph.D докторы, қауымдастырылған профессор Омаров Акылбек Нурлыбековичпен «Ғылым онкүндігі-2023» бағдарламасы аясында «Ғылымдағы мамандықты таңдаңыз» тақырыбында ғылыми-танымал дәрісі өтті.
Аталған іс-шараға профессор-оқытушылар құрамының өкілдері мен білім алушылар қатысты. А.Н. Омаров жаратылыстану-ғылыми бағыттағы білім алушылар мен жас ғалымдарға әлемдегі және зерттеулердің озық бағыттары туралы айтып, ғылыми мамандықты өз үлгісімен таңдауға шабыттандырды.
Ғылыми-танымал дәріс білім алушылар арасында үлкен қызығушылық тудырады және пайдалы диалог түрінде өтті. Кездесуде білім алушылар қажетті практикалық ақпарат алды. Бұл формат білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді және білім алушылардың кәсіби бағдарына тікелей әсер етеді деп санаймыз.


