2023 жылдың 29 наурызында педагогика және тілдер және менеджмент факультеттерінің мәжіліс залында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың күміс жүлдегерлерін ұлықтау салтанаты оздырылды. «Қысқы Универсиада-2023» студенттік спорттық сайысы 2023 жылдың 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтті. Жарысқа жоғары оқу орындарының 17 мен 25 жас аралығындағы студенттері қатысты. Қазақстан Республикасы атынан 78 адамнан тұратын студенттік құрама спорттың 12 түрінен сайысқа түсті. Студенттік команда құрамына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері Абулкатимов Алишер, Ажгалиева Алина және университет түлегі Галиахметов Әділ еніп, олардың барлығы да күміс жүлде иегері атанды.  Жүлдегер студенттер Абулкатимов Алишер мен Ажгалиева Алинаға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрылтайшысы Б.Ғ. Шинтемірованың білім гранттары мен университет атынан алғыс хаттар табысталып, спортшылардың жаттықтырушысы Лозовой Максим Владимирович алғыс хат және сыйлықпен марапатталды.

Әріптесіміз бен студенттерімізді осынау байрақты бәсекедегі жеңісімен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz