2022-2023 оқу жылының ақпан айының 13-15  күндер аралығында өткен пәндік олимпиадаға «Сәулет және құрылыс» кафедрасының үш БББ бойынша 3 және 4 курс студенттері қатысты. Нақты айытқанда СТР-32, СТР-31, АРХ-31, АРХ-32, АРХ-42, АРХ-41, ЗК-31 топ білім алушылары факультет ішілік пәндік олимпиадаға қатысты. Пәндік олимпиада тест, есеп және билет (логикалық және практикалық есептерді шешу) түрлерінде өтізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары:

– қабілетті студенттерді анықтау және қолдау;

– қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту;

– дарынды жастарды қолдау, студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға көмектесу;

Олимпиада жеңімпаздары I, II,  III орын дипломдарымен марапатталды.

Студенттердің жеңіске деген көзқарастарымен жоғары көрсеткіштері үшін құттықтаймыз!!!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz