Халықаралық ынтымақтастық аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Ю. А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті арасында “жылумен газбен жабдықтау және мұнай-газ ісі” кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Фокин Сергей Владимирович, “шақырылған профессор” бағдарламасын іске асыру шеңберінде “Мұнай-газ ісі” БББ білім алушылары үшін “Қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру әдістері” және “Қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру әдістерін қолданылу критерийлері” тақырыптары бойынша 12 сағаттық курс дәрістерін өткізді.
Дәріс барысында инженерлік – гуманитарлық факультеттің 6В07201 / 7М07201 / 7М07202-“Мұнай-газ ісі” БББ білім алушылары қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Дәріс барысында қабаттардың мұнай беруін арттыру әдістерінің практикалық мысалдары келтірілді. Бұл дәріс білім алушылардың қызығушылығын тудырды, көптеген сұрақтар қойылды. Дәріс соңында профессор университеттің білім алушыларына алғысын білдірді.