Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2023 жылдың                    3-4  наурыз күндері еліміздегі жоғары оқу орындары студенттері арасында «Сенің сәтің» Республикалық студенттер форумы өткізілді. Аталған форумға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттік ректоры «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» БББ 4 курс студенті Толегенова Жұлдыз, педагогика факультетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Даулеткерей Гүлжауқар мен «Педагогика және психология» БББ 4 курс студенті Есенжол Ботагоз қатысты.

Форумға Респрубликамыдың 52 жоғары оқу орнынан 200-ге тарта белсенді студент қатысты. Бүгінгідей жаһандану дәуірінде жастардың дүние танымы талап талғамы ерекше. Оларды заман ағымына сай тәрбиелеу қоғамның басты борышы. Осы Форумға жиналғандар өз ортасының белсенділері ертеңгі қоғамды құрушылар. Жас буынның талпынысымен тың идеяларды қолдау мақсатында министрлік жанынан студенттік кеңесі құрылған болатын. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен форумда бас қосқан сол кеңес мүшелері. Белсенді студенттер 2 күн бойы ой бөлісіп ұсыныс тілектерін ортаға салды.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz