Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Кажиакпарова Жадыра Сериковна және аға оқытушы, магистр Муратова Жансая Муратовна 2023 жылдың 25 қаңтар күні Орал қаласындағы №45 жалпы білім беретін мектебінде «Жаратылыстану-математика пәндер» апталығы аясында «Жаңа кезеңдегі цифрлық трансформация» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар мақсаты –  цифрлық білім беру ресурстарын оқу үрдісіне қолдануда педагогтардың  кәсіби біліктіліктерін арттыру.

Семинар барысында оқу үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану әдістемесі, цифрлық білім беру ресурстарын оқу сапасын арттыруда, өзіндік оқу іс – әрекетін ұйымдастыруда,  білім алушылардың оқу сапасының деңгейін бақылауда қолдану тақырыптары қарастырылды. Google jamboard, Padlet интерактивті тақталарымен жұмыс, Google қосымшасымен практикалық жұмыстар жүргізілді.

Семинар соңында педагогтер алғыстарын білдіріп, әріптестік байланыс орнатуға келісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz