Біздің елімізде жүргізіліп жатқан білім беру саласындағы жаңа реформалар кадрларды даярлау мәселесін шешумен тікелей байланысты. Бұл қызметкерлердің кәсіби біліктілік құрылымына, білім берудегі стандарттарға, білім беру процесінің мазмұнының құрылымына, білікті кадрларды даярлау технологиясы сияқты сұрақтарға қатысты.

Бұл міндеттерді шешу үшін қоғамның жас мамандарды даярлаудағы талаптарына, олардың кәсіби мақсатын анықтауға, біліктілік талаптары мен дайындық мақсаттарын қалыптастыруды назарға алу керек.

Қазіргі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, жоғары кәсіптік білім білім алушының біліммен де, практикалық дағдылармен де қамтылудың сапалы жаңа деңгейіне негізделуі керек.

Бүгінгі таңда БҚИТУ білім алушыларын жұмысқа орналастыру тәжірибесінен жұмыс берушілердің кадрларды іріктеуде қажетті жұмыс тәжірибесі бар кадрларға қызығушылық білдіретінін көрсетеді.

Тәжірибеге бағытталған кәсіптік даярлықтың мәні білім алушылардың білім беру бағдарламасын аудиторияда емес, жұмыс істеп тұрған кәсіпорында игеруіне, білім алушылардың нақты қойылған міндеттерді іске асыруы есебінен кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталады.

Тәжірибеге бағытталған оқытудың мақсаты – танымдық қажеттіліктерді қалыптастыру, білім алушылардың ойлауында білімнің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жаңа білім іздеуді ұйымдастыру болып табылады.

2022 жылғы 08 желтоқсанда ВЕТ-31О, ВМ-52О топтарында тәжірибеге бағытталған сабақ «Қараөзен» ЖШС-ның Орал қаласының орталық базарының ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында өтті. Осы мақсатта БҚИТУ-дың болашақ маманына барлық жағдай жасалып, оқу жылы бойы уақыт бөлінеді.

Тәжірибе көрсеткендей, тәжірибеге бағытталған сабақ кәсіби дайындықты пайдалану болашақ ветеринар мамандарды жоғары сапалы кәсіби даярлау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz