2022 жылдың 14-18 қараша аралығында «15 қараша – Ұлттық валюта күні» мерекесіне орай Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультеті, «Есеп және қаржы» кафедрасының э.ғ.м., аға оқытушылары Ш.Д. Салимбаева, Д.С.Тогашеваның ұйымдастыруымен «Менің мамандығым – Қаржыгер» тақырыбында 6В04106-Қаржы білім беру бағдарламасының студенттері арасында видео, плакаттар сайысы оздырылды. Мақсаты: білім алушылардың бұл мамандықты не үшін таңдағандығы, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, ұлттық валютамыз – теңгенің тарихына шолу жасау, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Үздік видео-роликтермен пен плакаттар wkitu сайтында жарияланады.