2022 жылдың 1-ші желтоқсан күні «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ширванов Р.Б. «Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» пәнінің оқу шеңберінде БЖД-22О, НГД-22О, ВТИС-22О оқу топтарының студенттеріне практикаға бағдарланған сабақ өткізді. «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша сабақ Орал қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен өрт-техникалық орталығының базасында өтті. Оның барысында студенттер Орал қаласының өрт сөндіру күзетінің пайда болу тарихымен, орталықтың өрт-техникалық көрмесі мен экспонаттарымен, заманауи техникалық құралдармен, өртті сөндіру тактикасымен және тәсілдерімен танысты. Сабақ өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің белсенді қатысуымен, сондай-ақ студенттер тарапынан жоғары қызығушылық жағдайында өтті.

