2022 жылдың қараша айының 22-23 күндері БҚИТУ-дың, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылар құрамы Жоғары аграрлық техникалық колледжінің «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы туралы, атап айтқанда оның мазмұны, оқыту мерзімі мен формалары, еңбек нарығындағы түлектерге сұраныс, студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру ерекшеліктері, оқу-өндірістік практика негіздері, әскери кафедрада оқудан өту шарттары, университет қабырғасында студенттік өмірді ұйымдастыру, кәсіби өсу мен өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері туралы түрлі ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ, колледж студенттері осы оқу бағдарламасының материалдық-техникалық кешенімен, оқу процесінде қолданылатын заманауи аспаптармен және жабдықтармен танысты.
Кездесу қызу жағдайда өтіп, студенттер қашықтықтан оқыту мен емтихан сессиясын ұйымдастыру, гранттық оқуға түсу шарттары, әскери кафедра бойынша көптеген сұрақтар қойып, жауаптар алынды.

