Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді қолдау және іріктеу мақсатында 2022 жылдың 26 қыркүйегінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық жобалар сайысының І кезеңі өтті. Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында ұйымдастырылған ғылыми-практикалық жобалар сайысына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Балыкова Аққайың Мұратқызы қатысып, әділқазылар алқасына басшылық жасады. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ туристік маршруттар» деп аталатын сайыстың бұл бағытында 9 жұмыс ұсынылған. Сайысқа ұсынылған жобаларды бағалау барысында шығармашылық қабілеттілік, ғылыми таным, зерттеу әдістерін оңтайлы қолдану, тақырыптың ашылу барысы, зерттеу жұмысының өзектілігі сияқты межелерге көңіл бөлінді. Жобалар сайысы нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Болат Айкенайдың «Батыс Қазақстан облысындағы күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылықтар» деп аталатын жұмысы үздік деп танылды. Шара соңында әділқазылар алқасының төрағасы А.М.Балыковаға Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры А.Айтпукешовтың атынан Алғыс хаты табыс етілді.
