Қазақтың ақыны, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты зияткерлік сайыс
2022 жылдың 27 қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультетінде, Экономика және менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақтың ақыны, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Экономика және менеджмент кафедрасы меңгерушісінің орынбасары э.ғ.м., аға оқытушы А.У. Тулегенова ұлы тұлға Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдық мерейтойымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараға «Ахмет ұрпақтары», «Жалын», «Шабыт», «Болашақ», «Ойшыл», «Бүркіт», «Сұңқар» командалары қатысты. Сайыс барысында қатысушылар «Қызықты алаң», «Білгенге маржан», «Атадан қалған асыл мұра» атты турларда бақтарын сынап, Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсыновты қаншалықты білетіндерін көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен «Шабыт» командасы бірінші орын алса, «Сұңқар» командасы екінші орын иеленді. Үшінші орынға «Жалын» командасы тұрақтады. Белсенді қатысқаны үшін «Ахмет ұрпақтары», «Болашақ», «Ойшыл», «Бүркіт» командалары алғыс хатпен марапатталды.
