1 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультеті мен тілдер және менеджмент факультетінде Білім күніне арналған дәстүрлі мереке өтті.       Оқу орнының корпусындағы салтанатты жиынға биылғы оқу жылы бірінші курсқа қабылданған студенттер мен факультеттің жоғары курс студенттері, олардың ата-аналары, ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері жиналды. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры, т.ғ. к., профессор Б. Т. Шакешев құттықтау сөз сөйлеп, 1 қыркүйек-ерекше мереке, ол адамдардың білімге, барлық жаңа және беймәлім нәрселерге деген тұрақты ұмтылысын білдіретінін атап өтті. «Біз өмір бойы оқимыз, іскерліктер мен дағдыларды меңгереміз, әлем туралы жаңа білім аламыз, ал осының бәріне студенттік аудитория мүмкіндік береді» деді. Ректор студенттерге жақсы білім алуды, жаңа нәрселерді үйренуді, өз елінің патриоты болуды тіледі. Сондай-ақ, жиналғандар алдында педагогика факультетінің деканы п.ғ.к., қауымдастырылған профессор М. К. Ажгалиев және тілдер және менеджмент факультетінің деканы ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.А.Раманова сөз сөйледі. Олар барлық қатысушыларды оқу жылының басталуымен және білім күнімен құттықтады. Өздерінің құттықтау сөздерінде бұл күн бірінші курс студенттері үшін көптен күткен күн екенін атап өтті, өйткені олар мүлдем жаңа, әлі таныс емес, бірақ өте жарқын және бай өмірге енеді. Университеттің студент жастары үшін білім саласындағы еңбек сіңірген ардагерлер филология ғылымдарының докторы, профессор А.М.Мұсаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.Д. Даулетов бүгінгі мерекемен құттықтады. Олар бүгінгі білім беру қазақстандықтардың әлеуетін ашу үшін жаңа мүмкіндіктер жасаумен байланысты біздің болашаққа апаратын жолымыз екенін атап өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz