Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында елімізде  ғылым және білім жүйесінің дамуы дұрыс жолға  қойылып, ілгерілеушілік байқалуда. Бұл салада жоғарғы білім және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі тиімді реформалар мен өзгерістерді атап айтуға болады.

Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру және университеттің халықаралық академиялық және әріптестігін кеңейту мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті студенттеріне дәріс беру үшін шетел ғалымдары мен зерттеушілерін ұдайы шақыртып отырады.

dsc04239%d0%ba%d0%be

Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында Самара мемлекеттік техникалық университетінің доценті, т.ғ.к. А.И.Пугачев 5В070400 – есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы студенттеріне «Web – сайт өңдеу негіздері» пәні бойынша дәріс оқып, практикалық сабақ жүргізді.

Студенттер мен оқытушылар әріптесіміздің әдістемелік, зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын танытып, пікір алмасып өз ойларын білдірді.

Ж.Кажиакпарова

БҚИТУ-дың кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz