Ашық есік күні – университет өміріндегі ерекше күн. Іс – шараның басты мақсаты-оқушыларды және олардың ата-аналарын біздің факультетпен және білім беру бағдарламаларымен таныстыру. Бүгін біз оқу және оқуға түсу туралы, факультетіміздің артықшылықтары туралы әңгімелестік. Ашық есік күні-бұл біздің факультеттің оқытушылар құрамымен, әкімшілігімен және студенттерімен танысудың тамаша мүмкіндігі.
Ашық есік күні қонақтарға факультет бойынша экскурсия өткізілді. Оқушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойды. Сұрақтар білім беру қызметін жүргізу құқығына аккредиттеудің және лицензияның болуы, оқу шарттары, өту балы, оқу ақысы, грантқа түсу мүмкіндігі, әскери кафедрада оқу туралы болды.
Біз оқушыларға материалдық-техникалық база – кітапхана, оқу залы, компьютерлік сыныптар, демалыс базасы, спорт алаңдары, зертханалар мен клиника туралы айттық.


