Көптілділікті енгізу бойынша республикалық бағдарламаға сәйкес Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті тілдер және менеджмент факультетінің шет тілдері және аударма ісі кафедрасы физика, биология, химия, информатика пәндері мұғалімдерінің тілдік құзыреттігін арттыру бойынша тендерді жеңіп алып, ауылдық, аудандық жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдерін оқыту бойынша жұмысқа кірісті.

02

Бөкей Орда, Тасқала, Жәнібек, Шыңғырлау және Теректі аудандарының мұғалімдерінен құралған тыңдаушылардың бірінші легі 2016 жылдың 19 қыркүйегінен бастап тілді оқуды бастап кетті.

Жыл сайын барлық сабақтар теледидарлар, компьютерлер, флипчарттар (маркермен жазатын тақталар), магнитофондар сияқты заманауи техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған компьютерлік кластарда өткізіледі. Оқу аудиториялары түрлі компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жабдықталған. Кафедра оқытушылары сабақты дәстүрлі емес формада өткізеді, әңгіме, іскерлік ойындар, фильмдер қарап, кейін оларды талқылау әдістерін қолданады. Oxford University Press(New English File) басып шығарған жаңа ұрпақ оқулықтары пайдаланылады.

 

У.К. Доукариева,

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz