Біліктілікті арттыру курстары 28 наурыз – 1 сәуір 2022 жылы, Орал қаласы.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті барлық мүдделі тұлғаларды, университеттердің, колледждердің қызметкерлері мен оқытушыларын, ұйымдардың ветеринариялық дәрігерлерін «Ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша ветеринариядағы инновациялық әдістер» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курстарына қатысуға шақырады (Бағдарлама 1-қосымшада).
Оқу ақысы – 20 000 теңге.
Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар белгіленген үлгідегі сертификат алады.
Оқуға қабылдау үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- өтінім (2-қосымша);
- жеке куәліктің көшірмесі;
- төлем түбіртегінің немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.
Қатысушының өтінімі мен құжаттарын ұйымдастыру комитетінің электронды мекенжайына жіберу керек: beu64@mail.ru.
Біліктілікті арттыру курстары Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51/4 (БҚИТУ биотехнологиясының ғылыми-зерттеу зертханасы) мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 090000, Орал қаласы, Ықсанов көшесі, 44, кабинет 107.
Анықтама телефондары: 8 705 465 85 85, 8 777 469 00 55.
e-mail: beu64@mail.ru.