Қазіргі уақытта білім беру кеңістігінде білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, нақты білім беру міндеттеріне арналған білім беру бағдарламаларының мазмұнын жобалау міндеті өзекті болып отыр. Жоғары оқу орындары, колледждер білім алушылардың, стейкхолдерлердің, қоғамның қажеттіліктері ескере отырып білім беру бағдарламаларына редизайн жасауда, орта мектептер оқушылардың жетістіктеріне бағдарланған жаңартылған білім беру мазмұнына көшті.

Осы орайда 2022 жылдың 3 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінде “Педагогика және психология” кафедрасы жанынан п.ғ.д., профессор С.М.Бахишеваның жетекшілігімен құрылған ғылыми зертхана жұмысы аясында «ХХІ ғасырдың оқыту дизайны»  атты ғылыми-әдістемелік семинар оздырылды.  

Халықаралық тәжірибе және ҚР БҒМ НҚА негізінде білім беру бағдарламалары мазмұнын жобалаудың теориясы мен практикасы туралы ғылыми-әдістемелік семинар қатысушылары ББ модульдерін, пәндерді құрудың педагогикалық дизайны, білім беру бағдарламаларын әзірлеуде құзыреттіліктерді нақтылау негізінде оқыту нәтижелерін тұжырымдау, әмбебап педагог, педагогикалық жұмыстың негізгі бағыты бойынша дизайнды әзірлеу туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру бойынша нәтижелі жұмыс жасады. Іс жүзінде кафедралардың ББ бірегейлігін, нарық талабына сәйкестігін талдаған және оны жетілдіру жолдарын ұсынған семинар профессорлық-оқытушылық құрамның үлкен қызығушылығын тудырды.

Аталмыш шараға Академиялық іс-әрекет Департаментінің басшысы  С.А.Машанова, «Тілдер және менеджмент» факультетінің деканы А.А.Раманова, кафедра меңгерушілері, оқытушылар қатынасты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz