2016 жылдың 27-28 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогикалық факультетінде 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары бойынша студенттердің І облыстық пәндік олимпиадасы өтті.  Олимпиадаға аталмыш жоғары оқу орнынан үш  және Ж.Досмұхамедов атындағы Педагогикалық колледжден бір команда қатысып, білімдерін көрсетті.

Облыстық пән сайысын өткізу шарттары бойынша бұл пәндік олимпиада бес турдан тұрды:

  1. Кәсіби бағыттағы мамандыққа қатысты топтың таныстыруы;
  2. Тест жұмысы;
  3. Тілдік және әдеби теориялық талдау;
  4. Эссе жазу;
  5. Белгілі бір тақырыптағы ғылыми жобаны қорғау.

Облыстық олимпиаданың басты мақсаты – «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша теориялық және практикалық білімдері бар дарынды студент жастарды анықтау, студенттердің өз кәсібіне деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін арттыру, сауатты да мәдениетті тұлға тәрбиелеу.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Сөз зергерлері» командасы жеңіп алды. ІІ орынды қаламыздағы Ж.Досмұхамедов атындағы Педагогикалық колледждің «Тілтаным» тобы иеленді. Ал «Тіл -тұғыр» және «Ізбасарлар» топтары Алғыс хатпен марапатталды. Соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

IMG_0196Ко

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz