Қысқы сессия аясында университетте “Саналы ұрпақ” студенттік клубы ұйымдастырған “Таза сессия” сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы өтті.
Акция “Саналы ұрпақ” студенттік клубтың жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне “мүлдем төзбеушілік” қағидатын қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстаным таныту.
Акция ұйымдастырушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта арнайы дайындалған брошюралар таратты. Брошюраларда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықты ресми түсіндіру, пара белгілері және пара ұсынған немесе қорқытып алған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі туралы ақпарат қамтылған.

