2021 жылдың 25 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәрістер сериясы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Габдуалиева Раушан Смадиновна «Қазақстан экономикасының трансформациясы: қалыптасуы мен дамуының негізгі проблемалары» атты дәріс оқыды. Дәріс ZOOM форматында өткізілді.
Дәрісте Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қазақстан халықаралық аренада орасан зор экономикалық және саяси реформалар жүргізгені атап өтіліп, сындарлы саясат арқасында еліміз батыс пен шығыс мемлекеттерінің сенімді серіктесіне айналғандығы нақты тұжырымдармен уәжделді.