2021 жылдың 26 қарашасында «Экономика және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты студенттік ғылыми конференция өтті.

Конференция жұмысына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің және білім алушылары қатысты. Конференция жұмысын комиссия мүшелері э.ғ.к., доцент Есеналиев Б.С., доцент Гравшенкова В.Б., аға оқытушы Курмантаева Б.К. бағалады. Студенттік конференция барысында баяндамаларды тыңдағаннан кейін комиссия мүшелері қарастырылып отырған тақырыптар бойынша белсенді сұрақтар қойды.

Конференция жұмысы барысында ғылыми ақпаратпен алмасу жүзеге асырылды, экономиканың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізілді. Жұмыс нәтижелері бойынша конференция материалдарының жинағы жарияланады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz