Халық арасында сот жүйесінің ашықтығын, қол жетімділігін нығайту мақсатында және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдастырумен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Инженерлік-гуманитарлық факультетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен ашық есік күні өтті.
Соттың ғимаратымен таныстыру экскурсиясынан кейін БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасының міндетін атқарушы Б.А.Ермаханов студенттермен әңгіме жүргізді, әңгіме барысында ол Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексітерімен жұмыс жасау туралы, соңғы жылдардағы статистикалық ақпаратпен бөлісе отырып, алқабилер қатысуымен қаралған қылмыстық істер туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық және әкімшілік жазаға тарту туралы айтып өтті. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды және оларға жеткілікті жауап алды.
Ашық есік күнінің аяқталуы бойынша «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттері танымдық іс-шараның арқасында өздерінің білім қоржынына көптеген қызықты және пайдалы жаңалықтарды білгені үшін өз алғысын білдірді.


