12 қараша 2021 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының 3 курс студенттері «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот Сараптамалары орталығы» РМҚК Филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша Сот Сараптамалары институтында «Сотқа дейінгі қылмыстық істерді тергеу ісі» пәнінен алынған теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында тәжірибелік сабаққа қатысты.
Сот сараптама орталығының мамандары күнделікті қызмет барысымен таныстырып, тергеушілер мен анықтаушылардың тарапынан қызмет барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде тағайындалатын сараптама түрлерімен таныстырды. Айғақты заттардың оқиға орнынан алыну тәсілдері мен сараптамаға жеткізу мәселесі түсіндірілді.
Кездесу соңында «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушылары, заң ғылымдарының магистрі Ахат Жомартұлы Габдулов пен Жайлыбаева Жанна Магазқызы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын ұйымдастыруда тәлімдік маңызы бар ақпараттарымен бөліскені үшін «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот Сараптамалары орталығы» РМҚК Филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша Сот Сараптамалары институты басшылығына алғыс білдірді.
