2021 жылдың 10 қарашасында Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, педагогика факультетінің “Тарих және құқық” кафедрасы доценті, т.ғ.к. А.Е.Бижанова және “Тарих” мамандығының 2 курс студенттері “Архивтану және музейтану” пәнін терең меңгеру мақсатында музей мамандары өткізген шеберлік сабағына қатысты. Шеберлік сабағында Экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.С.Насипкалиева, Қор бөлімі меңгерушісі А.К.Абдрахманова, Экспозиция және көрмені жабдықтау бөлімі қызметкері К.М.Шарипқалиева өз салалары бойынша музей жәдігерлерін қабылдау, құжаттандыру, олардың сақтау т.б. талаптарын түсіндіріп, тарихи жәдігерлер сақталып отырған қасиетті мекен музейдің ел өміріндегі орның және оны таныстыру жұмысының қыр-сырларын болашақ мамандарға ашып айтты.
