2021 жылдың 28 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәрістер сериясы аясында РФ, ҚР педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Франция Конкорд халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Айслу Ахмадиқызы Тасимова «Қазақстандық қоғамды қайта құру жағдайында білім беруді модернизациялау» атты дәріс оқыды. Дәріс ZOOM форматында өткізілді.
Дәрістің мақсаты–инновациялық даму жағдайында Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің негізгі проблемалары мен перспективаларын анықтау. Профессор өз дәрісінде қазақстандық қоғамның әлемдік қоғамдастыққа кіруі, республиканың жоғары оқу орындарында Болон процесінің қабылдануымен, біліктілікті тану, Біліктіліктің ұлттық шеңберлерін әзірлеу, Кредиттік оқыту жүйесіне көшу жөніндегі Лиссабон конвенциясына қосылуымен – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында да өзгерістердің қажеттілігін баяндады. Дәріс Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті студенттерінің, магистранттарының, сондай – ақ профессорлық-оқытушылық құрамының және Қазақстанның түрлі ЖОО-дағы әріптестерінің үлкен қызығушылығын тудырды.

