2021 жылдың 2 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Аянбек Иманбайұлы Әбекешев және педагогика факультетінің студенттері Әлихан Мұстафин, Владимир Сорокин, Шамиль Сағутдинов «Aqjaıyq» телеарнасының «Күн шуақ» телебағдарламасына қатысып, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және XI-жазғы Универсиада” тақырыбында әңгіме қозғады.

Теле түсірілімдегі студенттер республикалық жазғы Х, ХІ Универсиадаларға (Орал қ. 2019, Түркістан қ. 2021ж) және Неаполь қаласында өткен ХХХ жазғы Дүниежүзілік Универсиадаға (Италия, 2019ж.) қатысушы университет мақтаныштары.

Бағдарлама барысында студенттер университеттегі оқу-жаттығу жайын, түрлі жарыстардағы жеңістерін мақтанышпен айтты. Сондай-ақ алда  2022 жылдың 26 маусым мен 7 шілде аралығында Чэнду қаласында (Қытай) өтетін ХХХІ-ші жазғы Дүниежүзілік Универсиададаға қатысу жоспарларымен бөлісті.

Күншуақ — Сайт телеканала «Aqjaıyq» (oraltv.kz)

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz