Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті оқу үрдісін жетілдіру, тәжірибе алмасу, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында 2021-2022 оқу жылының 4-8 қазан аралығында «Жоғарғы оқу орнында оқытудың проактивті әдістері» әдістемелік апталығы болып өтті.
Әдістемелік апталықта дәріс сабақтары (онлайн), практикалық сабақтар, коучинг, семинарлар, практикум сабақтар және дөңгелек үстел өтікізілді.
«Педагогика және психология» кафедрасының докторы, профессор С.М.Бахишева «Жобалау технологиясы арқылы педагогтардың метадағдыларын арттыру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Жобалау технологиясы арқылы педагогтардың метадағдыларын арттыру бұл: цифрлық дәуірдегі оқытушының метадағдыларын қалыптастыру мақсатында педагогтардың метадағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық –әдістемелік негіздеріне шолу, «мета–дағды», «soft skills, hard skills»- ұғымдарының метадағдымен арақатынасы, оқытушыға қажетті метадағдылар реті, пандемиядан кейінгі білім беруге қажетті өзгерістер, қашықтан оқыту анықтаған проблемалар, цифрлық дидактика -e-Didactics тақырыптарын қарастырып, «blended learning», «flipped learning», «experiential learning» әдістерімен таныстыру.

«Педагогика және психология» кафедрасының п.ғ.к., доцент Л.Г. Колесованың «Управление обучением через формативное оценивание» формативті бағалау арқылы білім беруді басқару құзыреттілігін ұйымдастыру әдістемелік семинары өткізілді. Семинар барысында формативті бағалаудың ерекшеліктері, практикада қолдану негіздемелері таныстырылып, практикалық жаттығулар орындалды.

Осы әдістемелік апта бағдарламасы шеңберінде «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Дауесова Айжан Жангазиевна және М. Мәметова атындағы №27 мектеп-лицей оқытушысы, тарих магистрі Жайланов Абылай Серікқалиұлы Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі пәнінен «Жаңартылған білім мазмұны бойынша тарих сабағында қолданылатын әдіс тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында 3 курс тарих мамандығының студенттеріне ашық сабақ өткізді.


Сонымен бірге, кафедраның доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Алия Ермековна Бижанованың «Тарих» мамандығының 4 курс студенттеріне «Қазақстанның орта ғасырлар дәуірі тарихы моңғол деректерінде» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

«Есеп және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Пандемия кезінде отандық туризмнің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғалым Ибатоллаұлы Беккалиев орталықтың жұмыс жасау бағыттарын, жетістіктерін, болашақ жоспарларымен бөлісті. Туризм орталығында студенттерге практикалық сабақтарын пысықтауға барлық жағдайлар жасалғанын баян етті. Сонымен қатар, аға оқытушысы Аянбек Иманбаевич Абекешев ішкі отандық туризмді мемлекеттік қолдау бойынша мысалдар келтіріп, облысымыздың інжу-маржаны Шалқар көлінің туристік әлеуеті, оның болашақ перспективасы туралы ұсыныстар айтты.

Апталық аясында «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы ашық сабақтар және коучинг-семинарлар өткізді. Атап айтқанда, аға оқытушы Абуова Роза Сүйеугалиевна «Музыкальное оформление сюжетно-игровой программы», қауымдастырылған профессор Жексенғалиев Болат Утегалиевич «Жария сө мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ. Сонымен қатар, доцент Муханбеткалиев Аскен Самуратович «Проектирование занятия с помощью технологий SMART» тақырыбында коучинг ұйымдастырды. Коучингтің басты мақсаты сабақты SMART технологияларды қолдану арқылы жобалау жолдарын үйрету.
Апталық аясында университетіміздің оқытушылары мен студенттеріне тәжірибе алмасу мақсатында Орал қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жантуриева Гүлнұр Берікқызы және Жақыпжанова Асел Серікқызы «Оқылым дағдысын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг ұйымдастырды. Коучингте оқылым дағдысын қалыптастырудың жолдары айтылып, мәтінмен жұмыс түрлері көрсетілді

«Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының аға оқытушылары Ж.Бактыгалиевтың «Техника выполнения приёмов» және С.А. Бисалиевтің «Принципы физического воспитания» тақырыптарында практикалық сабақтары өткізілді.


Практикалық сабақтың мақсаты ағзаның жалпы жұмысқа қабілеттілігін және студенттердің техникалық дайындық деңгейін арттыру, арнайы жеңіл жасушалық жаттығуларды орындау кезінде негізгі жүктемелерді көтеретін дене жүйесін нығайтуға ықпал ету, командалық эстафеталар мен спорттық ойындар арқылы жауапкершілік пен ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал ету және студеттерді тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту және олардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесу.
«Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасында аға оқытушылар Р.М.Букесова, Б.Ж.Қойлыбаева «Особенности и новые технологии в преподавании английского языка на занятиях специальности “Переводческое дело” и ”Иностранный язык: два иностранных языка”» тақырыбында дөңгелек үстелтер ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел міндеті: тіл үйренуді оқыту барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын арттыру; білім берудегі оқыту процессінде жаңа технологияларды қолдану арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру; өзара педагогикалық тәжірибе алмасу, бағалау.

