Бүгінгі таңда медиация қызметі қоғамға қажетті институттардың біріне айналып отыр. Студенттердің медиация туралы білімін жетілдіру, құзіреттілігін арттыру, қоғамның қозғаушы күші боп саналатындықтан, жастар арасындағы дау-дамайдың алдын-алу мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Батыс Қазақстан облысы Татуласу орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттері арасында  Дебат  интеллектуалдық пікірталасының І-кезеңі оздырылды. Сайысты университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аянбек Иманбайұлы Абекешов ашты. Пікірталас жоғарғы деңгейде оздырылып, әділқазылар алқасы шешімімен Батыс Қазақстан  инновациялық-технологиялық университетінің командасы «Үздік топ» атанып, ІІ-кезеңге жолдама алды. 3-курс студенті Базарбаев Бахтияр «Үздік спикер» деп танылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz