2021-2022 оқу жылының басталуымен тұспа-тұс орын алған тарихи сәт ел президенті Қ.Ж.Тоқаевтың « Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауы. Жолдау еліміздегі жоғары оқу орындары арасында өзіндік имиджі қалыптасқан Батыс Қазақстан инновациялық –технологиялық университетінің Педагогика, Тілдер және менеджмент факультеті ұжымына жаңа оқу жылында тың серпін берді.

   Бұл күні университетіміздің қазыналы мекені кітапхана ұжымы ғимаратта арнайы көрме ұйымдастырып, тәуелсіздігіміздің отыз жылдығындағы ел жетістігімен қатар университетіміздің профессор оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерін насихаттады. Кітапхана меңгерушісі И.С.Дленова  Президент жолдауында айтылған жастарды қолдау ұстанымы кітапхана қызметінде де көрініс табатындығын айтты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz