Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні суретші Сәкен Ғұмаровтың музей-үйінде «Тілдер және менеджмент» факультетінің «Есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Д.С.Тогашеваның жетекшілігімен 6В04106 – Қаржы мамандығының 3 курс студенттеріне «Тіл мерейі – ел мерейі» тақырыбында дәріс оқылды. Музей директоры Мухангалиев Жанболат Жүсіпұлы Cуретшілер және жазушылар одағының мүшесі, тума талант иесі Сәкен Ғұмаровтың өмірі мен шығармашылығы, баға жетпес туындыларымен, тіл туралы жазған мақалаларымен таныстырды. Дәріс жастардың отаншылдық рухын, ана тілге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өткізілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz