Қымбатты ханымдар мен арулар!
Барлығыңызды ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл мейрам – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын, біздің аналарымыз, апаларымыз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін ерекше күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылы сезімдеріңізді білдіретін науырыз айының бір жұлдызы.
Біздің университетте 460 адам жұмыс жасайды. Соның ішінде 291 айел адам, 20 басшы лауазымдағы ханымдар. Жалпы студентер саны 9039, соның ішінде 6276 қыздар.
Сіздердің көктемдеріңіз ешқашан таусылмасын, ал жүректеріңіз жағымды еске алулардан әлсіресін! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.
Батыс Қазақстан инновациялық –технологиялық университетінің, ректоры Р.С.Габдуалиева
