Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тілдер және менеджмент факультетінің спорт залында Қазақстан халықтары Ассамблеясының(ҚХА) жастар қанатының ұйымдастыруымен, Орал қ. ЖОО және колледждерінің «Достық» клубтары арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Университет атынан тілдер және менеджмент факультетінің «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы студенттерінен құралған «Культурные люди» командасы қатысты. Ойын өте қызық, әрі тартысты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Культурные люди» командасы жеңіске жетті. 2-орынды Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командасы, 3-орынды  – Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің командасы алды. Жарысқа барлығы 9 команда қатысты.

IMG-20160329-WA0001

Қорытынды сөздерінде, жарыстың ұйымдастырушылары  Чампалов С. және тілдер және менеджмент факультетінің «Достық» клубының жетекшісі Рахимов Қ. және т.б. ҚХА және БҚИТУ, тілдер және менеджмент факультетінің басшылығының қолдауымен өткізілгенін атап өтті және қатысушы командаларға алғыс білдірді.

001 (Копировать)

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz