2020 жылдың 25 қарашасында инженерлік-технологиялық факультеті мұнай-газ ісі және салалық технологиялар кафедрасында Zoom бағдарламасында “Землемер” үйірмесі мүшелерінің қатысуымен “Жер мониторингін және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында студенттер жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылаудағы мәселелерді талқылап, болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтаудағы, оларды бағалаудағы, одан әрі дамуын болжаудағы және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсынымдарды келтірді.

Қазақстан Республикасы және Батыс Қазақстан облысы шеңберіндегі ерекше қорғалатын аймақтар мен нысандарды келтіре отырып,  жер қорының сапалық және сандық жай-күйінің сипаттамасымен таныстырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz