ЖОО және АОО студенттерінен құралған «Жайдарман» әзілкештері Орал қаласы күніне арналған кубогын сарапқа салған болатын. Студенттер арасындағы ойын әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде жүзеге асты. Қала күні қарсаңында оздырылған додаға жоғары және арнаулы оқу орындары студенттерінен құралған 9 команда қатысып, бақтарын сынады. Қоғамда көрініс тапқан астарлы әзіл-қалжыңымен жеткізуге тырысқан командалар өз өнерлерімен жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Тартысты сайыс нәтижесінде үшінші орынға «Космос» құрамасы ( Ж.Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжі) лайық деп танылса, екінші орынды М.Өтемісов атындағы БҚУ атынан келген облыстық жоғары лига ойыншылары «Белес» құрамасы тұрақтады, Қала күніне арналға студенттер арасындағы жайдарман фестивалінің жеңімпаздары Батыс Қазақстан инновациялық-теxнологиялық университеті, педагогика факультетінің “Жаңа толқын” КТК командасы жеңіп алды. Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен фестивалге қатысқан барлық топ алғыс хатпен мараптталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz