2017 жылы 23 қараша күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» аясында ағымдағы жылғы «Тіл – парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің республикалық байқауы өтті. Бұл байқауға оқытушы, магистр А.Д.Харагойшинаның жетекшілігімен педагогикалық факультетінің 2 курс студенті Полфунтикова Елена қатысып, 2 орынды жеңіп алды. Университет әкімшілігі студентімізді жүлдесімен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz