18-22 қараша аралығында Ю.А.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінде «МедиаМастер» медиамектебі шарасы өткізілді.

Шараға жүзден аса Саратов, Волгоград, Нижний Новгород, Воронеж, Ростов-на-Дону, Элиста, Саранск, Орал (Қазақстан), Харьковтан (Украина) креавтивті, белсенді, шығармашыл жастар қатысты.

Жас медиаторларға арналған мастер-класстар өткізді. Студенттер «МедиаМастер» медиамектебі конкурстық бағдарламасында өздерінің креативті жобаларын қорғады.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Инженерлік-технологиялық факультетінен «Есептеуіштехника және бағдарламалыққамтамасыз ету» мамандығының студенттері Гусейнов Хасай, Жарылғасын Әліби, Брумберг Данилқатысып «За масштабностьмышления» номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломменмарапатталды.

Жетекшісі Тлеушова Айжан Утегеновна  Ю.А.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің ректорынан алғыс хат иеленді.

«МедиаМастер» медиамектебі ұйымдастырушыларына, Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Медиакоммуникация» кафедрасының ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz