Қазан айында «Экономика және менеджмент» кафедрасының білім алушылары Нижний Новгород қаласындағы «Кәсіптік ғылым» ұйымымен өткізілген «Создание прибыльного предприятия в малых и средних городах» атты студенттер мен магистранттарға арналған халықаралық бизнес-жобалар байқауына қатысты.
Байқауға Ресей, Ауғанстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Польша, Приднестровск Молдова Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан сияқты әлемнің көптеген елдерінің студенттері мен магистранттары қатысты.
Байқау нәтижелері бойынша біздің білімалушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлердің үштігіне кірді.
Ғылыми жетекші Айнагуль Тулегенованы және байқауға қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз! Жеткен жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, жаңа ғылыми көкжиектерді бағындыруды тілейміз!



