2021 жылдың 22-23 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығы студенттерінің “Шамшырақ” командасы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырған XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты. Команда жетекшісі-педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Гинаятова Айжан Азаматқызы.

   Олимпиаданың мақсаты-мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны контексінде педагогикалық білімді насихаттау, мектепке дейінгі ұйым педагогының мамандығына қызығушылықты дағдыландыру, болашақ педагог-тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін ашу.

   Олимпиада қорытындысы бойынша “Шамшырақ” командасы шығармашылық қабілеттерін көрсеткені үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды.

   Команда мүшелері – Айтжанова Аэлита, Ахметқалиева Айгүл, Демесинова Алтынзер, Мұктарова Әсем олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

   Студент Мұқтарова Әсем “Үздік практик” номинациясы бойынша мактау қағазымен марапатталды.

   Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректораты атынан команда жетекшісі Гинаятова Айжан Азаматқызына студенттерді даярлағаны үшін алғыс хат табыс етілді.

   Жеңімпаздар мен жетекшісін білім сайысындағы жетістіктерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

 

БҚИТУ ректораты

БҚИТУ жас ғалымдар кеңесі

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz