Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Үздік жаңа жылдық безендіру» конкурсында бірінші орынға ие болды. Осыған орай жуырда Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков ең үздік жаңа жылдық безендіру жұмыстары үшін қаладағы бірқатар мекемені арнайы дипломдармен марапаттады.

Бұл байқауға қаланың кәсіпкерлік нысаны мен түрлі мекемелер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыстарды бағалау барысында нысандардың сыртқы келбеті мен маңайдағы аумақтарды безендірудегі креативтілік, көркемдік ерекшелік және ұтымды композициялық шешім басты назарға алынды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz