Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер!
Қымбатты студенттер, магистранттар және бітіруші түлектер!
Сізді батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің, патриотизмнің мерекелері – Отан қорғаушылар күнімен, Ұлы Жеңіс мейрамымен ыстық ықыласпен құттықтаймыз!
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесі – қажыр-қайрат пен ерлік, өрлік сынды адами асыл қасиеттердің үлгісі. Біз бұл күндері еліміздің қауіпсіздігі мен ұлттық мүддесін қорғаған және қорғап жүрген жандарға зор құрмет көрсетеміз.
Ұлы Отан соғысында адалдық пен батырлықтың озық үлгісін көрсеткен ардагерлеріміз қан майданда ел мен жерді жаудан асқан ерлікпен қорғап, Отан үшін от кешті. Олар зұлмат соғыстың бар ауыртпалығын арқалап, Ұлы Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Бейбіт күнде мемлекетіміздің өсіп-өркендеп, қарыштап дамуына жан аямай адал еңбек ету – бүгінгі біздің міндетіміз.
Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, талмас талап тілейміз! Шаңырақ шаттыққабөленіп, бақ-береке орнасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ректорат