2020 жылдың 28-29 мамыр күндері Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында ХІІ Республикалық пәндік олимпиада онлайн режимінде өтті.

Биылғы жылы Республикалық олимпиадаға 14 мамандық бойынша 212 студент қатысты. Олардың барлығы 14 қазақстандық жоғары оқу орындарынан болды.

Олимпиада екі кезеңнен өтті – тестілеу және ситуациялық және қолданбалы есептерді шешу. Пәндік олимпиаданың барлық тапсырмалары мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес құрылған.

Біздің университет атынан ветеринария ғылымдарының магистрі, экология және биотехнология кафедрасының аға оқытушысы Жұбантаева Алтын Нұрымовнаның жетекшілігімен 4-курс студенттері 5В120100 – Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша – Әбу Қарлығаш және 5В120200 – Ветеринарлық санитария мамандығы бойынша – Орынбасарова Бақытгүл қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша Әбу Қарлығаш жүлделі III-орынға ие болып, дипломмен марапатталды, жетекшісі ветеринария ғылымдарының магистрі А.Н. Жұбантаева алғыс хатпен марапатталды (олимпиада нәтижесі www.kaznau.kz сайтында жарияланды).

 

Республикалық пәндік олимпиада – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, олардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін маңызды іс-шара. Сонымен қатар, ол оқытушы – педагогтарға өз кәсібилігін табысты дамытуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біздің студенттерге алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz